15 қазан 2015 12:37

Қазақстанның валюта нарығында 31 қазанға дейін 3 миллиард доллар сату жоспарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанның валюта нарығында 2015 жылдың 31 қазанына дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Банк АҚШ долларын сату көлемі айдың қорытындылары бойынша жарияланатынын хабарлады.

Доллардың ҚР Ұлттық қорынан түсетіні белгілі болды. Трансферттерді қалыптастыруды жалғастыру үшін доллар теңгеге конвертацияланады. "Бұрын Қордан қаражатты конвертациялау үшін Ұлттық Банк теңгені Қаржы министрлігінің шотына аудара отырып және валюта нарығында артық долларды сата отырып, АВА-дағы долларды сатып алды. Трансферттерді қалыптастыруды жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта нарығында АҚШ долларын Қордан конвертациялайды. Ағымдағы жылғы 31 қазанға дейін валюта нарығында кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарлануда. АҚШ долларын сату көлемі туралы айдың
қорытындылары бойынша жарияланатын болады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 15 қазанындағы KASE таңғы сесиясы бойынша доллар бағамы 277,05 теңге болды. 9 қазанда Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді. Интервенцияның көлемі 78,1 миллион долларға тең болды. Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети