14 қыркүйек 2015 17:19

Доллар бағамы 278 теңгеден асты

KASE қор биржасының 14 қыркүйек күнгі кешкі сессиясында доллар бағамы 278,54 теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Шетел валютасы кезекті рекордын жаңартып отыр. Күндізгі сессияда 276,75 теңгеге тең болса, таңғы сессияда бір доллардың құны 273,55 теңгеге тең еді. Оған дейінгі рекорд 11 қыркүйектің кешкі сессияда жаңарған болатын. Сол уақытта бір доллар 264,2 теңгеге бағаланған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram