30 желтоқсан 2015 11:19

Доллар бағамы 339 теңге деңгейінде сақталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының 30 желтоқсандағы таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 339,47 теңге көрсеткішінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл 29 желтоқсанның күндізгі сессиясының қорытындысындағы межеден 30 тиынға көп. Америкалық валюта 24 желтоқсаннан бері нығайып келеді. Сол кезде доллардың құны 325,8 теңге еді. 

Сауда 340 теңгемен басталды, ал минималдық баға 337,81 теңге болып тіркелді. Максималдық көрсеткіш болса - 341 теңге. Сауданың жалпы көлемі 160,45 миллион доллар. Жалпы 22 қатысушы болды. Қазақстанның айырбас пункттерінде, Kurs.kz мәліметінше, доллар 337-341 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, кеше күндізгі сессияның қорытындысында доллар бағамы 340 теңге көрсеткішіне жақындаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети