31 мамыр 2022 15:58

Доллар бағамы 415 теңгеден төмендеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.


Доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 11,96 теңгеге төмендеп, 414,67 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 31 мамырдағы ресми бағамы 427,39 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 422,34 теңге, ал сатылымда - 428,35 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 422,88 теңгеден сатып алып, 427,26 теңгеден сатып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін ақша айырбастау орындарында доллар арзандағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети