25 қазан 2014 09:58

Доллар мен евро қымбаттап, рубль тағы құнсызданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

kvedomosti.com kvedomosti.com

 Мәскеу қор биржасында жұма күні ашық саудада доллар мен евро бағамы жаңаланды. Биржаның тарихында доллар бағамы алғаш рет 42 рубльге дейін көтерілді, ал евро 53,235 рубльді құрады. Доллар мен евроны қоса алғанда ортақ бивалюталық корзина 47 рубльге жетті. Мұндай мәліметтер moex.com. сайтында жарияланып отыр.

S&P рейтинг агенттігінің бағалауынан кейін де  жұма күні кешкісін рубльдің  күндізгі құнсыздануы тағы қайталанды. 24 қазан күні Мәскеу уақытымен 19:57 сағатта биржада бір доллардың құны 41,742 рубль, евро 52,9 рубль болды. Қазір сарапшылар рубльдің қысқа мерзімде нығаюуын күтіп отыр.

"Эху Москва" арқылы бұл жайтты түсіндіргісі келген "Финмаркет" агенттігінің сарапшысы Андрей Лусников рубльдің құнсыздануына әлемдегі мұнай бағасының төмендеуі және санкциялардың әсері бар екенін жоққа шығармады. Сарапшының айтуынша, әлемдік экономикадағы теңгерімге байланысты қазірді тек қана рубль емес, басқа елдердің елдердің ұлттық валюталары құнсыздануда.

Ал еліміздегі Almaty.tv телеарнасы Ұлттық банктің Қазақстанда девальвация болмайды, Алматыда доллардың құны 183,5 теңгеден әріге көтерілмейді, валюта нарығында тапшылық орын алмайды деген мәлімдемесін алға тартуда.

"Күніне екі мәрте валюталардың мониторингі жүргізіліп отырады. Валюта нарығындармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз.  Сондықтан жағдай бақылауда" дейді реттеу-бақылау тобының өкілі Әсет Мұқаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети