Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

ДСҰ келісімдері аяқталуда

27 Қаңтар 2014, 14:02
0
Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо "Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсетеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елбасы Дүниежүзілік Сауда ұйымының Бас директорымен кездесуі барысында еліміздің ДСҰ-ға енуі сыртқы экономикалық басымдығымыздың бірі болып саналатынын атап өтті.

Роберто Азеведоның пікірінше, нақ қазір Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөнінде келісімдер мәресіне жетіп қалды.

Ендігі қалғаны ДСҰ-ға мүше елдермен келісу, Кеден одағы аясында Қазақстан мен Ресейдің импорттық кедендік баж салығы жөніндегі міндеттемелерін үйлестіру.

Жалпы, Қазақстан ДСҰ-на ену бағытында 1996 жылдан бері келіссөздер жүргізіп келеді.

ДСҰ туралы сөз еткенде сарапшылар бұл ұйымға ену үшін алдымен әлсіз тұстарымызды мықтап алуымыз керектігін алға тартады. Мәселен, біз қазірде жеңіл өнеркәсіп және құрылыс секторы бойынша, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары бойынша тұтынушыларды толықтай өніммен қамтамасыз ете алмай отырмыз. "Ал ертең дүниежүзілік нарықта алдымен осы салаларымыз бәсекеге қабілетті болуы керек" дейді мамандар.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай