02 маусым 2014 14:56

ЕАЭО ұлттық валюталар девальвациясына ұшыратпайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанадағы дипломатиялық миссия өкілдері Қазақстанның Сыртқы істер министріне шетелдік компаниялардың қаржы жоғалтуына әкеліп соққан соңғы екі девальвация жағдайына қатысты шағымданды. Бұл орайда елшілер Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына қауіппен қарап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы дипломатиялық миссия өкілдері Қазақстанның Сыртқы істер министріне шетелдік компаниялардың қаржы жоғалтуына әкеліп соққан соңғы екі девальвация жағдайына қатысты шағымданды. Бұл орайда елшілер Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына қауіппен қарап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлан Ыдырысовтың дипломатиялық миссия басшылары мен Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйым өкілдерімен кездесуі барысында шетелдіктер теңгенің долларға қатысты бағамының құлдырағанын бірнеше рет байқағанын, әсіресе, 40%-ды құраған Қазақстан валютасының соңғы девальвациясына куә болғандарын айтты.

"Осындай құлдыраулардың есебінен өз инвестицияларымыздың 40%-ын жоғалту жақсы емес", - деді шақырылғандардың бірі. Соған байланысты ол министрге "қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ұлттық валютаның бір түнде солай құлдырап кетпеуіне ықпал ете ала ма?" деп сауал қойды.

Ерлан Ыдырысов Қазақстандағы көптеген дипломаттың шынымен де екі девальвацияның куәсі болғанын атап өтті. "Біз бұл жерде құбылмалылық туралы айтып отырмыз, нарық өзгеріп тұрады, олар да түрлі ауытқуларға ұшырайды, нарықтар тұрақты емес, нарықтың табиғатының өзі сондай, онда өзгерістің болып тұруы заңды. Бұл Қазақстаннан тыс жердегі экономикалық ортаның өзгеруіне қатысты жасалған табиғи реакция болатын, ол біздің экономикалық саясатымызды сыртқы нарықтағы жағдайларға бейімдеу үшін жасалды", - деп түсіндірді Ыдырысов.

"Біздің келісімге қол қоюымыз рубльдің, теңгенің немесе белорус валютасының двельвациясын туғызады деп есептеуге себеп бар деп ойламаймын. Керісінше, мен біздің экономикалық әлеуетіміздің нығаюы біздің валюталарымызды мейлінше күшті әрі тұрақты ете түсетініне сенімдімін", - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети