Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Экономиканы тұрақтандыруға халық та атсалысуы керек - сарапшы

25 Желтоқсан 2014, 13:23
4
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский
Атамұрат Шәменов. ©inform.kz
Атамұрат Шәменов. ©inform.kz

Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банктің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемесін іске асыру үшін халықтың қолдауы қажет. Мұндай пікірді экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шәменов Tengri FM радиосының ақпарат қызметіне берген сұхбатында айтты.

"Ұлттық банк пен Үкіметтің бірлесе жасаған мәлімдемесінде теңгенің ауықтқуын болдырмау туралы айтылды. Әлемдегі қазіргі аумалы-төкпелі жағдайда, ең жақын ел - солтүстіктегі көршіміз - Ресейдегі күрделі экономикалық жағдайда, рубльдің тұрақсыздығы жағдайында, шекарамызды ашып, Еуразиялық экономикалық одаққа кіріп жатқан жағдайда бұл айтылған мақсатты орындау оңай болмайды, әрине. Бірақ Үкімет пен Ұлттық банкке сену керек, Үкімет жаңа жылдан бастап, зейнетақыны тоғыз пайызға көтереміз деп отыр. Әлеуметтік төлемдерді бұрынғы деңгейінде ұстап тұруға Ресейдің қауқары жетпей жатқанда Қазақстанның өз алдына мұндай міндет қоюы халықтың көңілінен шығады", - дейді экономист. 

Оның айтуынша, экономиканың негізгі бағыттары туралы мақсаттарды ойдағыдай іске асыру үшін тек қана Үкімет пен Ұлттық банкке ауыз ашып қарап отыру дұрыс емес. Бұл міндеттерді іске асыруға халық, қоғам мүшелері, жұртшылық та атсалысуы тиіс. "Үкімет не істейді деп отырмай, шыны банкаға сақталған ақшаны үйде емес, екінші дәрежелі банктерге салып, сенім білдіру керек. Халықтың өзі осылайша елдің экономикасын тұрақтандыруға септігін тигізе алатынын түсінуі қажет", - деді экономика сарапшысы.

Ғалым халықтық IPO-ға қатысты да ұсыныс айтты. "Қазір мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мұнай-газ компанияларының акциялары түсіп тұр, дегенмен ерте ме, кеш пе мұнай бағасы өседі, оның тиімділігі де болады. Оған әлемде сұраныс бар. Менің ұсынысым бұл жобаның классикалық нұсқасынан бұрын, Қазақстанға лайықталған арнайы нұсқасы жасалса, оған халықтың сенімі артатын еді. Халықты тарту үшін акцияларды, салынған қаражатты депозит есебінде ұстап, оған да үстеме беріп, тағы басқа жеңілдіктер жасаса, оған деген сенім де артады. Бір жағынан халық, екінші жағынан Үкімет пен Ұлттық банк қолдау көрсетсе ғана ешқандай қаржы дағдарысы біздің жүйемізді тұқырта алмайды", - деді ол.

Еске сала кетейік, 24 желтоқсан күні Қазақстан үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі 2015 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімдеме жасаған еді. Онда Қазақстанның валюта саясаты 2015 жылы Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталатыны айтылды. Бірлескен мәлімдеме мақсаттарының бірі - теңге бағамының күрт ауытқуын болдырмау. Сонымен бірге, бағаны шартты бірліктермен көрсетуге тыйым салынады. Доллармен сақталған депозиттердің жылдық сыйақысы төмендейді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай