20 қаңтар 2014 14:34

Елбасы инфляцияны төмендетуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.k tengrinews.k

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банкке 2014 жылдың 1 мамыр айына дейін инфляцияны 3-4 пайызға төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кету керек, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша елдегі инфляция көлемі 4,8 пайызды құраған. Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайлов 2013 жылдағы инфляция деңгейін "15 жылдан бері болмаған көрсеткіш" деп баға берген болатын. Жалпы, мемлекет басшысы биылғы жылға Үкіметке нақты жеті міндет қойды. Бұлардың ішінде экономиканың тұрақты өсімін 6-7 пайызда қамтамасыз ету, бизнес үшін ақша құнын азайту, инфляцияны төмендету басты міндеттер болмақ. Сондай-ақ Елбасы Жолдауында Үкіметке 2014 жылдың экономикалық өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуді де жүктеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы аталмыш көрсеткіштің аса маңызды екенін атап өтті. "Біз алдағы орта мерзімдік көрсеткіш 4 пайызда болғанда діттеген мақсатқа қол жететінін меңзеген едік. Ал қазірдің өзінде 6-7 пайыз туралы әңгіме болып отыр", - деді Елбасы. Сонымен қатар, Н. Назарбаев ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 14,5 мың доллардан кем болмауы тиістігін де алға тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети