Импорт тауардың қымбаттауы отандық өнімге жол ашады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов импорт тауарлар құнының өсуі отандық тауар өндірушілерге мүмкіндіктер ашады деп есептейді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Әрине, девальвацияның бағаның өсуіне кейбір ықпалы болады. Импорттың қымбаттауының қысқамерзімді эффектісі болады, бұл жерде біздің тауарөндірушілерде қазір импортталып отырған тауарларды нарыққа шығаруға қосымша мүмкіндік пайда болатынын атап өткен маңызды, импорттың қымбаттауымен бірге біздің тауарөндірушілердің ішкі нарықтағы сауда мен экспортты қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар", - дейді Бақыт Сұлтанов. Вице-премьер девальвацияның ішкі жалпы өнімнің қалыпты өсуіне ықпал ететінін айтты. Бұл экспорттаушылардан түсетін қосымша табыспен байланысты және әрине, бұл сауда балансының артуына ықпал етеді, оның бюджет түсімдерінің артуына тікелей әсері болады. Cұлтанов валюталық төлемдермен байланысты шығындардың артуы мүмкін екенін айтты, олар: мемлекеттік борышқа қызмет көрсету, қазақстандық дипломатиялық органдар желісін қамтамасыз ету, сонымен бірге, бұл халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара қарым-қатынасқа да әсер ететін болады. Қаржы министрі инфляция бұрын бекітілген 6-8% дәлізінде болатынын атап өтті. Еске салайық, бүгін - 11 ақпан күні ҚР Ұлттық банкі теңгенің айырбас бағамының бұрынғы деңгейінен бас тарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. "Ұлттық банк жаңа айырбас бағамы бір долларға 185 теңге төңірегінде болады деп ұйғарып отыр", - делінген ресми мәлімдемеде.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro