28 мамыр 2021 12:53

Жұманғарин баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Жыл басынан бері жаңадан салынған тұрғын үй бағасы 5,5 пайызға, ал ескі тұрғын үй бағасы 12,3 пайызға өсті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жыл басынан бері жаңадан салынған тұрғын үй бағасы 5,5 пайызға, ал ескі тұрғын үй бағасы 12,3 пайызға өсті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде тұрғын үй нарығындағы баға жағдайы тұрақсыз. 2021 жылғы қаңтар-сәуірде бастапқы тұрғын үй 5,5 пайызға қымбаттады. Екінші реттік тұрғын үйлерде биылғы жылы одан да көп өсім байқалады - 12,3 пайыз. Сатып алу-сату мәмілелерінің саны жыл басынан бері 2,5 есеге - 175 мың мәмілеге артты.

Ел басшылығы баспанамен қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралар да бұған әсер етеді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының қымбаттауы әсер етеді", - деді Жұманғарин Open space-талқылауында.

Ол агенттік баға мәселесін талдайтынын айтты.

"Қаңтар-сәуірде отандық құрылыс материалдары 16 пайызға қымбаттады. Құрылыс компанияларының мәліметі бойынша, бағаның өсуі жарты пайызды құраған.

2020 жылдың осы кезеңінде баға керісінше төмендеді", - деп нақтылады Жұманғарин.

Сондай-ақ, ол тұрғын үй шаршы метрінің құны туралы айтты.

"49 пайызы құрылыс материалдарынан, 10 пайызы жалақыдан, 9 пайызы үстеме шығындардан, 6 пайызы пайдадан тұрады. Құрылыс материалдары шығындарының құрылымында кірпіштер, темірбетон бұйымдары, әрлеу материалдары мен металл конструкциялары үлкен үлеске ие", - деді агенттік басшысы.

Жұманғариннің айтуынша, 2020 жылдың екінші жартысында арматура бағасы күрт өскен. Осыған байланысты құрылыс компаниялары кірпішті қолдануға көшті, бірақ ол да сұранысқа жауап ретінде қымбаттаған.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети