20 мамыр 2022 09:08

Қарағанды облысында қант тапшылығы байқалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay Көрнекі сурет: pixabay

Қарағандыда ірі супермаркеттер мен әлеуметтік павильон сөрелерінде қант жоқ. Кейбір жерде өнім шектеулі мөлшерде сатылады , - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.


Қарағандыда ірі супермаркеттер мен әлеуметтік павильон сөрелерінде қант жоқ. Кейбір жерде өнім шектеулі мөлшерде сатылады , - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Тұрғындардың айтуынша, сөрелерде ұзақ уақыт бойы қант болмаған.

"4 күн бұрын дүкенге барғанда қант жоқ еді. Өлшеп сатылатын қант жоқ. Тазартылғаны бар, бірақ маған өлшеп сатылатын қант керек", - дейді Елена Кокина.

Телеарна мәліметінше, супермаркет әкімшілігі көп сұраққа бір жауап беру үшін қант жоқ екені туралы хабарландырулар ілген. Сауда нүктелері қызметкерлерінің айтуынша, қоймалардағы өтінімдер ұзақ уақыт бойы өңделмейді. Қант әлеуметтік павильондар мен шағын дүкендерде де жоқ. Облыс орталығында ғана емес, кейбір аудандар мен серіктес қалаларда да тапшылық байқалады. Сатушылар берілген сома тек жарты күнге жететінін айтады. Ал шенеуніктер қант толтырылған тұрақтандыру қорын көрсетіп, сондай-ақ, қолда бар тауардың жоғары көрсеткішін атап отыр. Алайда неге оны дүкендерге жеткізбей отырғандарына жауап жоқ.

"Жолда 884 тоннаға жуық төленген өнім бар. Тұрақтандыру қорында 465 тонна қант бар. Қала және аудан әкімдіктерінің өтінімдері бойынша тауар интервенциясы жалғасып жатыр", - деді Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Жұлдыз Құсайын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети