KASE: Доллар бағамы 379,86 теңгеге тең

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE: Доллар бағамы 379,86 теңгеге тең © Тұрар Қазанғапов

21 қаңтардағы KASE қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 379,86 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржаның мәліметтеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 қаңтардағы KASE қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 379,86 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржаның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Еске салайық, кеше кешкі уақытта еліміздегі валюта айырбастау орындары долларды 393 теңгеден сатып жатқан еді. 

Бірінші келісім 389 теңге көрсеткішінде жасалды. Бұл максималдық құны болды, ал минималдық құны - 373 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматы мен Астананың айырбас пункттері долларды 383-384 теңге аралығында сатып жатыр.

21 қаңтарда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев доллар бағамы жақын арада айтарлықтай өзгермейтінін айтқан еді. "Қазақстанның төлем балансы бойынша теріс сценарийлердің көп бөлігі іске асырылды. Мұнай бағасы 2 жыл ішінде 110 доллардан 28 долларға дейін құлдырады. Яғни, біз мұнайдың әрбір баррелінен 82 доллар жоғалтып отырмыз, бұл экспорттың 2 есе құлдырауына және одан түсетін валюталық түсімнің үш есе қысқартылуына әкеп соқтырды. Мұнай бағасы бір баррель үшін 30 АҚШ долларынан 20 АҚШ долларына дейін төмендеген кезде біздің шығынымыз бір баррельден небәрі 10 АҚШ долларын ғана құрайды, бұл валюта нарығындағы теңгерімге әсер ететіндей валюта түсімінің түбегейлі қысқаруына әкеп соқпайды", - деді Ақышев.

Сонымен қатар, ол Қазақстан шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қоймайтынын айтты. "Біз шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қоюды қарастырмаймыз. Бұл ешқандай заңда негізделмеген", - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети