2015 жылдың 23 қыркүйегіндегі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 270,05 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, күндізгі сессияда доллар 266,69 теңгеге, ал таңғы сессияда 264,12 теңгеге тең болды.

Кешкі сессияда алғашқы келісім 269,9 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы келісім - 240,3 теңге. Сауда көлемі 6,1 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 6 мүшесі қатысты.
Естеріңізде болса, 16 қыркүйекте ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгемен сата бастағанда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға шешім қабылдады. 21 қыркүйекте Ұлттық банк бағамды қалпында ұстап тұру үшін тағы 213,1 миллион доллар қаражат бөлген еді. Осылайша жалпы бөлінген сома 694,7 миллион доллар болды.