Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға шешім қабылдады

16 Қыркүйек 2015, 19:00
3
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теңгенің айырбастау бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптастырылғандығы бірнеше рет мәлімделді. Бұл ретте Ұлттық банк теңгенің айырбастау бағамының нарықтық деңгейінің қалыптасуына араласпайды, бірақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, валюталық өктемдіктерді жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысуға мүмкіндігі бар.

"Валюта нарығына қатысушылардың алыпсатарлық операциялары себепші болған теңгенің айырбастау бағамының құбылмалылығының өсуіне байланысты, іргелі макроэкономикалық факторлардың объективті және елеулі өзгеруінің болмауы жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізуге шешім қабылдады. Ұлттық банктің валюталық өктемдігінің көлемі биыл 16 қыркүйекте 144 миллион долларды құрады", - деп хабарлады Ұлттық банктегілер.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай