KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар тағы 1 теңгеге қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар тағы 1 теңгеге қымбаттады © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 26 тамызында KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар бағамы 245,17 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күндізгі сессия сағат 11.30-15.30 аралығында өтті. Ең төменгі келісім - 242 теңге, ал ең жоғарысы 248,5 теңге болды. Сауда көлемі - 106,6 миллион доллар. Саудаға валюта нарығынан 20 қатысушысы қатысты.

Еске сала кетейік, таңғы сессия бойынша доллар 243,99 теңге болған еді. Сауда 245 теңгеден басталды. Келісімдегі ең төменгі баға - 240 теңге, ал ең жоғарысы 247 теңге болды. 

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. 

Бұған дейін ресейлік экономист Михаил Хазин Қазақстан Үкіметінің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешіміне пікір білдірген болатын. Сарапшы Қазақстанның ішкі өндірісінде теңгенің құнсыздануы тиімді екенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети