Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Теңгенің жағдайы күздің ортасына қарай түсінікті болады - Ресей экономисі

25 Тамыз 2015, 15:20
9
© РИА Новости
© РИА Новости

Ресейлік экономист Михаил Хазин Қазақстан Үкіметінің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешіміне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап теңгенің бағамын нарық анықтайтын болып шешілді. Нәтижесінде бұл теңгенің құлдырауына әкелді. Шешім қабылданғаннан кейін алғашқы күні доллар құны 255 теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар, әлемдік нарықта да индекстің төмендеуі байқалды.

Сарапшы Қазақстанның ішкі өндірісінде теңгенің құнсыздануы тиімді екенін айтты. "Бір жағынан халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп жатыр, бір жағынан ішкі өндірістің тиімділігі артып жатыр. Менің ойымша, үкімет осы екі факторды баланста ұстау үшін осындай шешім шығарды. Мен осымен тоқтау керек деп ойламаймын. Жағдай күздің ортасына қарай тұрақталады. Рубьлдің де көтерілу мүмкіндігін жоққа шығармаймын", - деді Хазин. Ол мұнай бағасы бұдан ары арзандай береді деп ойламайтынын жеткізді. "Доллардың бағасы 40-тан төмен түссе де, бұл ұзаққа созылмайды. АҚШ мұнай бағасын 60-80 доллар арасында белгілейді. Сондықтан да мен мұнай бағасы жаңа жылға дейін әлі де көтеріледі деп ойлаймын", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, соңғы алты жылда Қазақстан өндіріс базасын кеңейту үшін көп жұмыс істеді. "Өндіріс базасы әлсіз Қазақстан соңғы алты жылда оны қайта қалпына келтірумен айналысып жатыр. Әлі қолға алынбаған өндірісті жандандырып, осы жұмыстарды жалғастыра беру керектігін айтқым келеді. Бұл айтарлықтай нәтижеге жетуге көмектеседі. Айтпақшы, бірнеше ай бұрын Қазақстандағы өмір сүру деңгейі Ресейден жоғары болды", - деді сарапшы.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 25 тамызында KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 230,11 теңге болды. 

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (9)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай