1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Қазақстанда АИ-92 бағасы 140 теңге болуы мүмкін - сарапшы28 мамыр 2015, 14:02

© kolesa.kz © kolesa.kz

Қазақстанда күзге қарай бензин тағы да қымбаттайды, - деп жазады "Колёса". 

Қазақстанның кеден брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың мәлімдеуінше, АИ-92 маркалы бензині күзге қарай 120-140 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Оның сөзіне қарағанда, мұндай қымбатшылықтың болуына ДСҰ құрамына кіру мен Ресейдің отын нарығы, дәлірек айтқанда солтүстігіміздегі көрші елдің қымбат жанармайы әсер етеді.

Сонымен қатар, мұнай-газ саласының сарапшысы Сергей Смирнов қызықты дәйекті келтірді - 2013 жылы наурызда мұнайдың баррель бағасы 109 доллар болғанда, АИ-92 бензинінің бағасы 110 теңгеге түсті, ал мұнайдың бағасы 102 долларға түскенде, бензин керісінше, 128 теңгеге қымбаттады. Қазіргі таңда мұнайдың баррель бағасы - 65 доллар, ал бензиннің бағасы 108 теңге болып бекітілді. Демек, сарапшының айтуынша, бензиннің қымбаттауы мұнай бағасымен байланысты емес.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасының 108 теңгеге дейін көтерілгені хабарланған болатын. Тиісті құжат Қазақстанның Энергетика министрлігінде жарияланды. Осыған ұқсас жағдай 2014 жылы тамызда болған еді, ол кезде АИ-92 маркалы бензиннің әр литрі 141 теңге болады делінді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай тәжірибе қоғамдық пікірді тексеру мақсатында жасалуы мүмкін.


Елордада IT-кеңес құрылды