08 тамыз 2022 11:42

Қазақстанда бір жылда баспана қаншаға қымбаттады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы шілдеде тұрғын үй нарығында баға өзгергені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы шілдеде тұрғын үй нарығында баға өзгергені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір жылда (былтырғы және биылғы шілдені салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы - 26,4 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6 пайызға өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8 пайызға артты", - делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде:

  • Ақтөбе қаласында - 32,5 пайызға,
  • Нұр-Сұлтанда - 27,6 пайызға,
  • Өскеменде 26,1 пайызға қымбаттады.

Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында көш бастап тұрған қалалар:

  • Қызылорда (44 пайыз),
  • Өскемен (43,7 пайыз),
  • Талдықорған (43,4 пайыз)
  • Нұр-Сұлтан (41,3 пайыз),

Тұрғын үйді жалға алу нарығында - Алматы қаласы (47,2 пайыз).

"Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары - 0,8 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату 0,5 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4 пайызға жоғарылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети