19 тамыз 2022 | 11:01

Қазақстанда бір жылда қант қаншаға қымбаттады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда бір жыл ішінде қант қай өңірлерде және қаншаға қымбаттағаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда бір жыл ішінде қант қай өңірлерде және қаншаға қымбаттағаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-маусымында елімізде 149,1 мың тонна қант өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 9 пайызға артық.

"Өндірістің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Жамбыл облысына тиесілі: 96 мың тонна, плюс жылына 16,4 пайыз. Облыстың Қазақстандағы жалпы өнімдегі үлесі бір жыл бұрынғы 60,3 пайызбен салыстырғанда 64,3 пайыз болды", - деді агенттік өкілдері.

Зерттеушілердің мәліметі бойынша, биыл қаңтар-мамырда жергілікті компаниялар қантқа сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 48 пайызға қарағанда 57,1 пайызға қамтамасыз еткен.

Импорт үлесі тиісінше 52 пайыздан 42,9 пайызға төмендеген. Елге 63,5 мың тонна қант әкелінген, бұл бір жылға минус 38,9 пайыз. Ішкі нарықтағы сату көлемі де төмендеген: 25,6 пайызға, 147,7 мың тоннаға дейін.

2022 жылдың қаңтар-маусымында елімізге 210,6 мың тонна құрақ пен қызылша қанты, сондай-ақ жалпы құны 126,4 миллион доллар болатын қатты күйдегі химиялық таза сахароза импортталған. Физикалық мәнде көлемнің төмендеуі 11,3 пайыз, ақшалай түрде, керісінше, 15,3 пайызға өсім байқалған.

"Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза импорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 45,7 пайызға аз. Импорттың негізгі көлемі Ресейге тиесілі: 62,4 мың тонна, жыл сайын 42,5 пайызға азайды. ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 145,3 мың тонна қант импорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 23,9 пайызға артық. Мұнда негізгі көлем Бразилияға түсті: 107,7 мың тонна, жылдық өсім 24,1 пайыз", - делінген хабарламада.

Биыл шілдеде елімізде қанттың бір келісі орта есеппен 537 теңге болған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 86,6 пайызға артық.

Зерттеушілердің айтуынша, қант бағасы Жамбыл облысында өскен: бір жыл бұрынғыдан бірден 2,2 есеге артық. Антилидер үш өңір қатарына Алматы мен Қарағанды ​​облысы да кірген. Бағаның ең аз өсуі елордада байқалды: плюс 58,3 пайыз.

Ірі қалалар ішінде бір келі қант Алматыда (581 теңге), Қонаевта (555 теңге) және Атырауда (554 теңге) қымбат. Ең төменгі баға Ақтөбеде (449 теңге) тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети