Қазақстанда жақын арада жанармай қымбаттамайды, - деп хабарлайды 24.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин хабарлады.
Қазақстанда жақын арада жанармай қымбаттамайды, - деп хабарлайды 24.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин хабарлады.
Ақпарат құралының мәліметінше, тілшілердің сауалдарына жауап берген Қарабалин "Күзгі егін ору науқанында жанармай құны көтерілуі мүмкін" деген күдікті жоққа шығарды.
"Әдетте көктемгі не күзгі дала жұмыстары басталғанда отынға тапшылық болатыны белгілі. Алайда вице-министр бензин бағасы әлемдік ахуалмен байланысты, әсіресе көрші елдегі жағдайға қатысты өзгеріп отырады деп атап өтті", - деп хабарлайды телеарна.
Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміз мұнай өнімдерінің 30 пайызын Ресейден тасымалдайды. Ал қазір жалпы қорда 230 мың тонна жанармай мен 140 мың тонна дизель отыны бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның күзгі "бензин дүрлікпесі" қайталана ма деп алаңдаушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. "Күзде болатын жанармай тапшылығына қатысты ішкі нарықтағы ажиотаж мектеп оқулықтарының шеңберіндегі дүрлікпені еске салады және ішкі нарықта болып жатқан тәртіпсіздіктің барлығына нүкте қоятын келесі қадамды алдымызға алып келеді. (...)", - деді ол.