02 қыркүйек 2014 13:33

Қазақстанда кедендік рәсімдеулер жеңілдетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында кедендік рәсімдерді жеңілдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында кедендік рәсімдерді жеңілдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кедендік рәсімдерді мейлінше жеңілдету қажет. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кедендік бақылау кедендік тазарту деңгейінен тауар шығарудан кейінгі кезеңге көшірілуі тиіс. Отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында осы жылдың соңына дейін жүк тасымалдау құнын азайту, кедендік рәсімдеу мерзімін қысқарту және оның сақталуын бақылау жөніндегі шараларды қолға алу қажет", - деді ол Парламенттің жаңа сессиясының ашылуында.

"Үкіметке Кеден одағының бірыңғай қағидалар мен техникалық реттеу ережелері туралы келісіміне халықаралық сәйкестік сертификаттарын мойындау бойынша өзгертулер енгізуге бастама көтеруді тапсырамын. Ол біздің кәсіпкерлердің шығыстарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді", - деді Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети