13 шілде 2015 12:59

Қазақстанда "Құртафелло" бренді пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©balukz ©balukz

Қазақстанда Құртафелло тауар белгісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Айнаш Убайдуллаева құрттың саудасына осылайша назар аударғысы келгенін айтып берді.

"Қымызбен айналыстым, клиенттерті тарту үшін Интернетте бір қызық іздедім, себебі Шымкентте бәсеке көп, қымыз көп, жаңа бірдеңе ойлап тапқым келді. "Құртафаелло" деген атауды көрдім, маған бұл идея бірден ұнап қалды. "Құртафелло" деп сәл өзгерткім келді. Бізде ең дәмді құрт бар, оны ауылдан жеткіземіз. Бренд жасағым келді, адамдарды құртқа қызықтырғым келді", - деді кәсіпкер. Орташа алғанда бір қап құрт 250 теңге тұрады.

Ол графикалық дизайнмен айналысады, сондықтан жаңа өнімнің логотипін жасау қиындық туғызбады. Айнаш Убайдуллаеваның айтуынша, Raffaello брендінің өкілдерінен шағым күтудің қажеті жоқ. Авторлық құқық жөнінде ол Астанадағы мамандармен кеңесіпті, кейін ол "Құртафелло" тауар белгісін тіркеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети