22 шілде 2020 11:10

Қазақстанда сатылған мүлікті аресттен шығару тәртібі өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: segodnya.ua Фото: segodnya.ua

Елімізде сатылған мүлікті аресттен шығару тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елімізде сатылған мүлікті аресттен шығару тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді мүлікті соңғы өткізген сот орындаушы басқа сот орындаушыларының барлық тыйым салуларының күшін жояды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылы 27 маусымда ҚР Президенті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

"Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Бұрын мұндай жағдайларда қызметін адал атқаратын сатып алушы әрбір сот орындаушысына жүгініп, мүлікке тыйым салуды алып тастауды сұрайтын. Кейде сот орындаушылары одан бас тартып, сатып алушы сотқа жүгінуге мәжбүр болатын", - делінген хабарламада.

Жаңа түзетулерге сәйкес мүлікті сауда-саттықта өткізген сот орындаушысы мұндай мүліктен барлық тыйым салуларды, соның ішінде басқа сот орындаушыларының тыйым салуларын да жоюға міндетті.

Айта кету керек, тыйым салынған мүлікті сату бойынша Бірыңғай электрондық сауда алаңында
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 25 495 676 920 теңге сомасына 1530 лот сатылды, ал 2019 жылдың осындай кезеңінде жалпы сомасы 18 423 227 050 теңге болатын 1415 лот сатылған еді.

Айта кетейік, аталған заң жобасы 2020 жылдың 8 шілдесінде күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети