22 тамыз 2016 12:44

Қазақстанда смартфондардың саудасы жүрмей жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда смартфондардың саудасы жүрмей жатыр, - деп хабарлайды Ranking.kz басылымы. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, былтыр смартфондардың нарықтағы саудасы 14,7 пайызға дейін қысқарған.


Қазақстанда смартфондардың саудасы жүрмей жатыр, - деп хабарлайды Ranking.kz басылымы. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, былтыр смартфондардың нарықтағы саудасы 14,7 пайызға дейін қысқарған.

IDC зерттеу компаниясының мәліметінше, Қазақстанда смартфондардың сатылымы 626 миллион долларға дейін төмендеген. Мамандар сатылымның күрт төмендеуін импортталған тауарлардың 2015 жылы болған девальцацияда қымбаттауымен байланыстырып отыр.


Инфографика: Ranking.kz. IDC зерртеу компаниясының мәліметтерімен жасалған.

IDC зерттеу компаниясының мәліметінше, 2014 жылдың қорытындысы бойынша нарықтағы смартфондардың үлесі мынандай болған: нарықтағы көшбасшы - Samsung, олардың үлесі 58,6 пайызды құраса ( 430 миллион доллар), екінші орында үлесі 17,8 пайызды құраған (131 миллион доллар) Apple компаниясы, ал үшінші орында 6,5 пайызбен (125 миллион доллар)  LG компаниясының смартфондары болған. 

Айта кетейік, нарықта смартфондардың сатылымын көтеру үшін ұялы байланыс операторлары мен ұялы телефондарды сатушылар тұтынушыларға арнайы акцияларды ұсынып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети