06 маусым 2022 14:14

Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттауы мүмкін - Энергетика министрлігі

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сұйытылған газдың көтерме бағасы екі теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сұйытылған газдың көтерме бағасы екі теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы 180 күнде баға қымбаттауы мүмкін, бірақ 20 пайыздан аспайды. Егер қазіргі баға тоннасына 28 мың теңгеге белгіленсе, онда ол 36 мың теңге болады. Көтерме баға литріне 17 теңгеден 19 теңгеге дейін көтеріледі. Яғни, литріне екі теңге ғана. Жанармай құю бекеттерінің бағасы бақылауда болады", - деді энергетика министрі Мәжілістегі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Ақшолақов Үкімет Қазақстанның ішкі нарығында сатылатын сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауға ниетті екенін еске салды.

"Біздің есепке сенсек, сұйытылған газ литріне екі теңгеге қымбаттайды. Менің ойымша, бұл үлкен айырма емес. Біз бұл жағдайды жарты жыл бойы бақылауға аламыз, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі, біздің министрлік, барлық тікелей органдар негізсіз қымбаттауды бақылауға алатын болады", - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети