23 шілде 2015 | 14:41

Қазақстандағы қолжетімді автокөліктердің ондығы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facenews.kz © facenews.kz

Қазақстанда жаңа автокөліктер нарығы қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр, сауда төмендеп, дилерлердің қолынан ештеңе келер емес, - деп жазады "Колеса".


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жаңа автокөліктер нарығы қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр, сауда төмендеп, дилерлердің қолынан ештеңе келер емес, - деп жазады "Колеса".

Порталдың мәліметінше, қазір құны 20 мың долларға дейінгі көліктер жиі сатылады. Осыған байланысты еліміздегі ең қолжетімді көліктердің ондығы анықталды. Айта кетейік, олардың барлығы ТМД елдерінде шығарылған автокөліктер.

Ондықтың бірінші орнында Daewoo Matiz тұр. Одан кейінгі орындарда - LADA Granta мен Daewoo Nexia. Төртінші орында - LADA Kalina, бесінші - Geely CK, алтыншы - LADA Priora, жетінші - LADA 4×4, сегізінші - LADA Largus, тоғызыншы - Kia Picanto және оныншы орында Renault Logan тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасының арқасында автопарктердің 40 пайызға жаңаратыны хабарланған болатын. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқасында орта табысты азаматтар тиімді шарттармен жаңа автомобиль ала алады. Сол себепті де Қазақстанда орташа есеппен 10 жыл шамасында автопарктер жаңарады, қазір үкіметте жеңілдетілген автонесиені ұзарту келіссөздері жүргізіліп жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети