26 маусым 2015 10:59

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқасында автопарктер 40 пайызға жаңарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің арқасында алдағы бес жылда автопарктер 40 пайызға жаңаруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан автобизнес ассоциациясы төрағасы Андрей Лавреньтев хабарлады.


Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің арқасында алдағы бес жылда автопарктер 40 пайызға жаңаруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан автобизнес ассоциациясы төрағасы Андрей Лавреньтев хабарлады.

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқасында орта табысты азаматтар тиімді шарттармен жаңа автомобиль ала алады. Сол себепті де Қазақстанда орташа есеппен 10 жыл шамасында автопарктер жаңарады. Андрей Лавреньтевтің айтуынша, қазір үкіметте жеңілдетілген автонесиені ұзарту келіссөздері жүргізіліп жатыр.

"Осы бағдарлама аясында екінші және үшінші үлесті несие (несие қаражатының екінші деңгейлі банктерге түсуі) болады, сонымен тұрғындарды автонесиемен қамтамасыз ету сомасы 100 миллион теңге болады, яғни алдағы бес жылда автопарктер 35-40 пайызға жаңарады. Еліміздегі экологиялық жағдайды есепке алсақ, ескі автомобильдерден болатын жол-көлік оқиғасы кезіндегі өлім саны азаяды. (...) Қазір елімізде 1,7 миллион ескі авто бар. Егер біз жыл сайын оларға 100 мың бөлсек, онда ескі автолардың 40 пайызы жаңарады", - деді Лаврентьев.

Ол еліміздегі автопарктерді тезірек жаңарту үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасына Trade in мен ескі автомобильдерді жаңарту бағдарламалары қосылу керектігін айтты. Сонымен қатар, ҚАБА төрағасының айтуынша, жеңілдетілген автонесиенің жүзеге асуы автоөнеркәсібінде жүз мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізгеді.

ҚАБА мәліметінше, жеңілдетілген автонесиеге бөлінген жалпы соманы қайтарумен бірге автокөліктерді сатып алу кезіндегі міндетті төлемдерден бюджет ұлғайып жатыр. Бұл кіріс бөлінген ақшаның 0,5 пайызын құрайды, яғни 75 миллион теңге болады.

Еске сала кетейік, жеңілдетілген автонесие 2015 жылдың 20 сәуірінен бастап беріле бастады. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4-ке тең, жылдық тиімді мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Алдын ала төлем сомасы - 20 пайызға дейін. Несие мерзімі - 5 жылға дейін.

ҚАБА мәліметінше, 2015 жылдың 16 маусымында жеңілдетілген автонесие бойынша 3 310,8 миллион теңгеге 1020 қарыз берілген. Бағдарлама бойынша бөлінген алғашқы қаражат биыл қыркүйекке дейін игеріледі деп жоспарланып отыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети