Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық экспорттаушыларды қолдауға 35 миллиард теңге бөлінеді

17 Ақпан 2015, 15:01
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Қазақстан Үкіметі отандық экспорттаушыларды қолдауға 35 миллиард теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен экспорттаудың жаңа саясаты құрылды, онда Орталық Азия, Кавказ бен Иран жаңа нарығына экспортты қайта бағдарлау мәселелері қаралған. "Біз бұл елдерге экспортты дамытудың жаңа тәсілдері мен механизмін құрастырдық. Үкімет біздің экспорттаушылардың экпортын, экспорт алдындағы қаржыландыру мен лизингін қолдау үшін 35 миллиард теңге бөлуге шешім қабылдады. Алдын ала келіссөздер бізге қарағанда оңтүстікке қарай орналасқан бұл елдерде қаржыландыру үшін экспорттың әлеуетті көлемі 160 миллиард теңге екенін көрсетті. Біздің ендігі міндетіміз осыны экспорттық келісімшартқа айналдыру", - деді Инвестициялар және даму министрі брифинг барысында.

Әсет Исекешев әңгіменің қандай тауарлар туралы екенін түсіндіріп өтті: ауыл шаруашылығы техникасы, аккумуляторлар, құбырлар, сорғыштар, трансформаторлар, тыңайтқыштар мен азық-түлік. Министрдің мәлімдеуінше, қазақстандық өнімді ілгері бастыру үшін сауданың арнайы миссиялары ұйымдастырылады. Биыл ақпан-наурыз айларында Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Моңғолияға сапар болады деп күтіліп отыр. "Біздің экспорттаушыларды қолдау үшін биыл өкілеттік - Новосібір мен Тегеранда инвестициялар агенттігі ашылады.", - деді Әсет Исекешев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай