01 сәуір 2022 09:08

Қазақстандық тұрғын зейнетақы қорынан "Отбасы банкіне" 5 теңге аударған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов Фото Тұрар Қазанғапов

"Отбасы банкі" зейнетақы қорынан екі мың теңгеге дейінгі сома аударған 150-ден аса өтінімді тіркеген. Банктің баспасөз қызметі өкілі азаматтардың осындай ерекше өтініштері туралы айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


"Отбасы банкі" зейнетақы қорынан екі мың теңгеге дейінгі сома аударған 150-ден аса өтінімді тіркеген. Банктің баспасөз қызметі өкілі азаматтардың осындай ерекше өтініштері туралы айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Мысалы, бір қазақстандық зейнетақы қорынан "Отбасы банкіне" бес теңге аударған. Тағы біреуі 40 теңге аударған.

"Порталда 627 өтінім қабылданды, олардың әрқайсысының сомасы 200 миллион теңгеден 6 миллиард теңгеге дейін болды. Бір жолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай үлкен сомасы болмайтыны түсінікті", - деді "Отбасы банкі" баспасөз қызметі өкілі.

Телеарна 31 наурыз бұрынғы шекті зейнетақы жинағын алудың соңғы күні екенін еске салды. 1 сәуірден бастап оның мөлшері екі есе артады. Өзгерістерді қайта қарастыруды салымшылардың өздері ғана емес, мәжілісмендер де бірнеше рет қолдаған еді.

Алайда Еңбек министрлігі шешімінен бас тартпады.

"Бұл - халық өздерінің зейнетақысына сәйкес жинайтын қаражат. Шартты түрде айтсақ, ол жерден барлық ақшаны аламыз. Ал ертең адам зейнет жасына жеткенде, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алады. Бұл дұрыс па? Еңбек министрлігі бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайды", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети