26 сәуір 2016 12:03

Қазақстандықтар ақпанда долларды сатып алғаннан гөрі көп сатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Осы жылдың ақпанында алғаш рет 10 жыл  ішінде  халықтың  АҚШ  долларын сату  көлемі сатып алу көлемінен асты. Бұл жайында ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Әділ Мұхамеджанов "Жеті күн" бағдарламасы үшін "Хабар" телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.


Осы жылдың ақпанында алғаш рет 10 жыл  ішінде  халықтың  АҚШ  долларын сату  көлемі сатып алу көлемінен асты. Бұл жайында ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Әділ Мұхамеджанов "Жеті күн" бағдарламасы үшін "Хабар" телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

Ол шетел валютасының ағымдағы ұсынысының ішкі жүйелік сипаты бар екендігін, оның іргелі факторлардың ықпалына байланысты емес теңгенің күрт нығаюына әкелуі және жалпы алғанда, отандық тауар өндірушілер үшін бәсекелестік талаптарын нашарлата отырып, төлем балансы мен экономикаға теріс ықпал етуі мүмкін екендігін атап өтті.

"Осы себепті 2016 жылғы наурызда Ұлттық Банк долларсыздануға бағытталған ішкі үрдіске байланысты шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс арасында қалыптасқан теңгерімсіздікті теңестіру үшін шетел валютасына деген артық ұсынысты сатып  алуды жүзеге асырды", -  деп түсіндірді Мұхамеджанов.

"Қазақстан экономикасының құрылымын, атап айтқанда шикізат секторының елеулі  үлесін, импортқа жоғары тәуелділікті және  қаржы нарығының әлсіз дамуын ескере отырып, Ұлттық Банк күрт және тұрақсыздандыратын дүмпулерге жол бермеу үшін валюталық өктемдіктерді жүзеге асырады. Бұл экономикасы даму үстіндегі елдер үшін қалыпты жағдай", - деді Мұхамеджанов.

Айта кетейік, Ұлттық Банктің деректері бойынша теңгенің айырбастау бағамы жыл басынан бастап мұнай  бағасының бірте-бірте өсуі аясында нығаю үрдісін көрсете отырып, АҚШ долларына қатысты 332,51-383,91 теңге шегінде ауытқыды. 2016 жылғы наурызда теңгелік құралдарға деген тартымдылықтың өсуі аясында шетел валютасын теңгеге айырбастауға байланысты АҚШ долларына деген сұраныс пен ұсыныс арасында айтарлықтай теңгерімсіздік пайда болды.

Еске салайық, KASE қор биржасының 26 сәуіріндегі таңғы сауданың қорытындысы бойынша доллар 333,70 теңгеге тең. Kurs.kz мәліметінше, айырбас пункттерінде доллар 332-334 теңгеге бағаланып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети