06 маусым 2022 16:30

Қазақстандықтардың бір бөлігі газды 20 пайыз жеңілдікпен алады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын қазақстандықтар 1 шілдеден бастап газды 20 пайыз жеңілдікпен алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын қазақстандықтар 1 шілдеден бастап газды 20 пайыз жеңілдікпен алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап пилоттық жоба аясында Тараз және Орал қалаларындағы атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар газды 20 пайызға төмендетілген бағамен алған, ал бұл қатарда 3 мыңнан аса тұтынушы бар. Бұл топтағы тұтынушылар сәуірдегі түбіртектерде газдың жаңа бағасын көре алды.

Биыл 1 шілдеден бастап елдің барлық өңірінде "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар" санатына жататын тұтынушылардың төмендетілген бағамен газ алу мүмкіндігі болады.

Ведомство өкілі газды төмендетілген бағамен алу үшін тұтынушы Egov.kz порталындағы АӘК және тұрғын үй көмегін алушы ретіндегі өзінің мәртебесіне көз жеткізуі қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети