Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары минусқа кетті: БЖЗҚ себептерін атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша шолуда есептелген инвестициялық кіріс бойынша шығындарды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша шолуда есептелген инвестициялық кіріс бойынша шығындарды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қордың мәліметінше, 2025 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кіріс минус 284,86 миллиард теңге болған.

БЖЗҚ мәліметінше, бұл теріс көрсеткіш шетел валюталары бағамының құбылмалылығы мен ол инвестициялаған қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруінен пайда болған.

"Негізгі себептері – теңгенің АҚШ долларына қатысты 525,11-ден 518,14 теңгеге дейін нығаюынан болған валюталық қайта бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) нарықтық құнының, олардың кірістілігінің орташа есеппен 40 базистік пунктке өсуі аясында төмендеуі. Сонымен қатар, шетелдік нарықтарда сатып алынған активтердің де нарықтық құны азайды", – делінген хабарламада.

Қаңтарда нарықтағы құбылмалылық АҚШ президенті Трамптың тарифтер енгізу қаупі мен еңбек нарығының тұрақтылығы аясында байқалды.

Сонымен қатар, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы салымшылар (алушылар) шоттарына бөлінген кірістілігі 15,66 пайыз, ал осы кезеңдегі инфляция 8,90 пайыз болған.

"2025 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылар (алушылар) шоттарына бөлінген кірістілігі (-)1,25 пайыз болды", – делінген хабарламада.

Жалпы, Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22,28 триллион теңге болған. Портфельдің негізгі үлесін Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары алады. Олардың қаңтар айындағы үлесі 41,40 пайыз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.59  course down  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer