20 наурыз 2014 16:30

Көкшетауда Наурыз мейрамы құрметіне жәрмеңке өтті

фото ©munara.kz сайтынан

Наурыз мейрамы қарсаңында Көкшетауда да түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі болды. Таңғы сағат тоғыздан басталған жәрмеңкеге жиналған халықта есеп болмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Наурыз жәрмеңкесіне Астрахан, Егіндікөл, Еңбекшілдер ауданы мен Көкшетау қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. "Бүгінгі жәрмеңкеге қойылған өнімдер базар бағасынан 20-30 пайызға арзан сатылуда. Жәрмеңкеге 11 тонна ет, 2 тоннадан астам сүт өнімдері, 7 тонна ұн, 800 келі көкөніс, 1 тонна тауық еті сатылуда", - дейді Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев. Сөйтіп наурыз мейрамында көкше тұрғындары арзан өнімге бір қарық болды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, жәрмеңке барысында 15 миллион теңгеден астам азық-түлік сатылған. Шара кезінде Көкшетау қаласы мен облыс аудандарының өнерпаздары концерттік бағдарламаларын қойды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram