13 мамыр 2016 18:53

ҚР Қаржы министрлігі офшорлар тізімінде қазақстандықтардың болуын зерттеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© obozrevatel.ru © obozrevatel.ru

Қаржы министрлігі офшорлар тізімінде қазақстандықтардың болуын зерттеп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов хабарлады.


Қаржы министрлігі офшорлар тізімінде қазақстандықтардың болуын зерттеп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов хабарлады.

"Бізде ақпарат бар. Қазір мәліметтер базасына сәйкес зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Зерттеудің нәтижесіне байланысты шешімдер қабылданады. Бұдан біздің хабарымыз бар, жұмыс істеп жатырмыз", - деді Сұрағанов.

Журналистік тергеулердің халықаралық консорциумы (ICIJ) 9 мамырда панамалық Mossack Fonseca заңгерлік фирмасының 200 мыңнан аса клиенті жайлы мәліметі бар толық мәліметтер базасын жария етті. Қазақстандықтардың тізімін мына жерден көруге болады.

Парламенттегілер қазақстандықтардың даулы офшорлар тізімінде бар болып шығуына қатысты пікір айтқан еді. 

Жалпы отырыста "Ақ жол" фракциясының депутаты Азат Перуашев осы тақырыпқа байланысты премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауалын оқыды. "Биылғы сәуірде Журналистік тергеулердің халықаралық консорциумы әлем бойынша кәсіпкерлер мен шенеуніктердің офшорлық кестесін қолдануының мәліметтерін жария етті. Бұл оқиғалар "панамалық дау" деген атауға ие болды, себебі оған панамалық ірі заңгерлік компания негіз болды. Офшор аймақтары салық салуды жетілдіруде ғана қолданылмайтыны белгілі, сонымен қатар, бюджет қаражатын жымқыру мен жемқорлық үшін де қолданылады. Осыған байланысты жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің офшор есепшоттарының болуы туралы мәлімет көптеген елде шу шығарды. Исландияның премьер-министрі отставкаға кетті, ал Ұлыбританияның премьер-министрі баспасөзге түсінік беруге мәжбүр болды", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети