15 желтоқсан 2014 16:17

Қытай Қазақстанда зауыттар салғалы отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қытай Қазақстанда зауыттар салуға дайын. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қытай Қазақстанда зауыттар салуға дайын. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз қазір екі тараппен бірге біздің ынтымақтастығымыз бойынша шекті келісім жасауға тырысып жатырмыз, себебі Қытай жабдықтар мен технология саласында мықты, біз Қазақстан аумағында әйнек, цемент өндіретін және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыттар салуға дайынбыз, бұл "Нұрлы жол" бағдарламасының тұжырымдамасымен өте үйлеседі", - деді Ли Кэцян. Оның айтуынша, Қытай Қазақстанның ұлттық валютамен есеп айырысу бастамасын қолдайды. 14 желтоқсан күні Қазақстан мен Қытай ұлттық валюталарды өзара айырбастау туралы келісімге қол қойды.

"Біз экономикалық ахуалдың сын-қатерлеріне қарсы тұру үшін өзара сауда мен инвестицияларға анағұрлым қолайлы жағдайлар жасауға дайынбыз. ШЫҰ ұйымы бойынша әріптестермен бірге сауда-саттық пен инвестициялар саласындағы кедергілерді азайту үшін және бір-біріміздің нарығымызға қолжетімділікті кеңейтетүсу үшін өзара қарым-қатынасты жақсартуды қарастырамыз", - деді Ли Кэцян.

Айта кетейік, 14 желтоқсан күні Астанада Іскерлік кеңес отырысы аясында Ли Кэцян Қазақстанға инфрақұрылымдарды дамытуға көмектесуді ұсынған болатын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети