Маңғыстау облысында газдың бағасы тұрақтанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев. ©Lada.kz. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев. ©Lada.kz.

Маңғыстау облысының барлық жанар-жағар май құю бекеттерінде газдың бағасы 37 теңге болды, - деп хабарлайды Lada.kz. Мұндай мәлімдемені Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев жасады. Ол аймақтағы газ бағасы тұрықтылығын қадағалайтын штабты басқарады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының барлық жанар-жағар май құю бекеттерінде газдың бағасы 37 теңге болды, - деп хабарлайды Lada.kz. Мұндай мәлімдемені Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев жасады. Ол аймақтағы газ бағасы тұрықтылығын қадағалайтын штабты басқарады. 

Оның айтуына қарағанда, соңғы екі аптада болған кезек қазір жоқ. "Кәсіпкерлермен газ бағасын көтермей, 37 теңгеде ұстап тұруға байланысты түбегейлі келісімге келдік. Кәсіпкерлермен тез тіл табыстық. Жағдай бір қалыпқа келтірілді, алдағы уақытта барлығы тұрақталады деп үміттенемін", - дейді ол.  Ал әкімшілікте жанар-жағар май бекеттерінің қожайындарына қысым көрсетілмегені айтылды. Қазір бекеттерге газдың жетуін және оның бағасын әкімшілік қызметкерлері қадағалап отыр. Сондай-ақ ҚазГӨЗ зауыты бақылауға алынды.

Әкім орынбасарының айтуына қарағанда, көгілдір отынды заңсыз облыс аймағынан тысқары алып шыққан адамдар анықталады. "Бұл сұрақпен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Алдағы уақытта мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін заңға сай шаралар қолданылып жатыр. Кінәлі адамдар жауапқа тартылып, барлық айыптылардың есімдері БАҚ бетінде жарияланады", - дейді ол. Сондай-ақ Алдашев жуық арада такси тарифінің жоғарылау мәселесін де қалыпқа келтіреміз деп уәде берді. Айта кетейік, бұл өңірде бір айда 9,5 тонна газ қажет етіледі. Көгілдір отынды тасымалдаумен 128 кәсіпкер айналысады. 

Еске салайық, газдың құны 80 теңгеге жеткеннен кейін Ақтау таксистері тарифтерін 50 пайызға көтерген еді. Жеке таксилерде жол жүру құны 300 теңгеге қымбаттаса, қоғамдық таксилерде 50 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін газдың бағасы бұл өңірде 35 теңгеден жоғары болмаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer