17 наурыз 2022 15:10

МӨЗ газ бағасын қолдан көтерді - Жұманғарин

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин мұнай өңдеу зауыттарына қатысты тергеу нәтижесі туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Павлодар және Атырау химия зауыттарында жеке монополиялар құрылып, газ бағасы қолдан көтерілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин мұнай өңдеу зауыттарына қатысты тергеу нәтижесі туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Павлодар және Атырау химия зауыттарында жеке монополиялар құрылып, газ бағасы қолдан көтерілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұманғарин Мәжілісте елдегі мұнай бағасы нарық бағасына сай емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұнай бағасының жасырын жолмен реттелуі нарықтағы мұнай өнімдері бағасына кері әсері еткен.

Өңдеудің негізгі үлесі CNPC пен "ҚазМұнайГаз"-ға тиесілі. Ведомство басшысы бұл мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда нарықтарында бәсекелестікті дамыту мүмкіндігін шектейтінін атап өтті.

"CNPC пен "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобы 80 пайыз деңгейде мұнай өндіріп, оны МӨЗ-де және Petrosun, ҚМГ және PetroleumOperating-те өңдейді. Кейін ірі компанияларға сатады: Sinooil, PetroRetail, АвтогазТрэйд (GazEnergy). (...) Осылайша, мұнай өңдеу, мұнай өнімдерін өндірудің технологиялық циклі үзілді. Павлодар химия зауытында, Атырау химия зауытында газ сақтау парктері жеке қолға берілді, жеке монополиялар құрылды, сөйтіп, газ бағасы қолдан көтеріледі", - деді ол.

Серік Жұманғарин қазір зауыттарға қатысты тергеу жүргізілгенін атап өтті. Атырау сақтау паркіне 1,3 миллиард теңге айыппұл салынған, ал Павлодардағы жұмыс жалғасып жатыр екен.

"Petrosun, PetroleumOperating және "ҚазМұнайГаз" секілді көтерме сауда нарығында негізгі мұнай жеткізушілер ішкі нарыққа жеткізілген мұнайдың жалпы көлемінің 80 пайызын алады. 11 миллион тонна мұнай өнімдерінің үштен екісі бөлшек сауда желілеріне, үштен бірі ешқандай инфрақұрылымы жоқ көтерме сауда нысандарына сатылады", - деп толықтырды бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети