24 наурыз 2022 10:37

Мұнай бағасы өсіп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 120 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 120 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан уақытымен 10.04-тегі жағдай бойынша, Brent маркасына мамыр фьючерстерінің бағасы 4,7 пайызға, ал барреліне 120,91 долларға дейін, WTI-дің мамыр фьючерстерінің бағасы 4,25 пайызға, 113,92 долларға дейін өсті.

РИА Новости мәліметінше, мұнай бағасы АҚШ Энергетика министрлігі бір апта ішінде елдегі қор күтпеген жағдайда төмендегені туралы хабарлағаннан кейін тез өсе бастаған. 18 наурызға дейін АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры 2,5 миллион баррельге төмендеген. Ал сарапшылар 0,1 миллион баррельге артады деп күткен еді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай өнімдерінің қоры күткеннен де тез төмендеп кеткен. Сонымен қатар, АҚШ-тағы бензин қоры бір апта ішінде 2,9 миллион баррельге төмендеген, ал сарапшылар тек 2 миллион баррельге төмендейді деп жоспарлаған. Дистиллят қоры 2,1 миллион баррельге төмендеген, болжам бойынша 1,4 миллион баррельге төмендеуі керек еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети