1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Мұнай бағасының төмендеуінен кейінгі ұлттық валюта бағамы белгілі болды05 мамыр 2017, 11:33

Ұлттық валюта бағамы мұнай бағасының құлдырауынан кейін әлсірей түсті. KASE қор биржасының таңғы саудасында валютаның долларға шаққандағы бағамы 317,94 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 317,50 теңгемен өтті және осы ең минималдық құны болды, ал максималдық құны - 318,2 теңге. Сауданың жалпы көлемі 128,9 миллион долларға жетті.

Еске салайық, 5 мамырда Brent маркалы мұнай бағасы 2016 жылдың 30 қарашасынан бері бірінші рет бір барреліне 47 долларға түсіп кетті.