17 қараша 2014 | 14:01

Нан бағасы 2015 жылдың қыркүйегіне дейін көтерілмейді - Мамытбеков

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Xieergay.com ©Xieergay.com

Бірінші сортты нан мен бірінші сортты ұнның бағасы 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қымбаттамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бірінші сортты нан мен бірінші сортты ұнның бағасы 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қымбаттамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап.

"Мемлекеттік комиссия шешім шығарды: бірінші сортты нан мен бірінші сортты ұнның бағасын тұрақтандыру үшін баға келесі жылдың қыркүйегіне дейін арзандатылады, ешқандай да күрт қымбаттау болмайды", - деді Мамытбеков Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейінгі үзілісте журналистердің сұрағына.

Ол 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін бірінші сортты ұн мен нанның бағасы сақталатынын айтты. Осыған байланысты мемлекеттік субсидиялар бөлінген.

Осыған дейін Мамытбеков осы жылы астық табиғи қолайсыз жағдайда жиналып жатқанын айтқан еді. Бірақ ол ауыл шаруашылығының өндірушілері бұл жағдайға қарамастан, астық қарқынмен жиналғанын мәлімдеді. "2014 жылғы жиналған астықтың жалпы өнім көлемі шамамен - 17,6 миллион тонна, бұл экспорт әлеуетін 7 миллион тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети