23 қазан 2015 11:50

Нан жаңа жылға дейін 80 теңгеден сатылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© novosti-rossii.ru © novosti-rossii.ru

Жыл соңына дейін нан 15-20 теңгеге қымбаттайды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Жыл соңына дейін нан 15-20 теңгеге қымбаттайды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, нан жаңа жылға дейін 80 теңге төңірегінде сатылуы әбден мүмкін. Өйткені наубайханалардың қазынасы бағаны ұстап тұруға бұдан әрі шыдай алмайды. Оған бір келі ұн бағасының бір айда 18 теңгеге көтерілуі себеп болып отыр.

"Ұннан басқа ингредиенттің бағалары, газдың және бензиннің бағалары өскен сайын бізге нанның табысы шамалы болып тұр. Ең төменгі есеп бойынша 15-20 теңгеге көтерілуі мүмкін", - деді наубайхана басшысы Қуандық Хамзин.

Тағы бір кәсіпкердің сөзіне қарағанда, соңғы кездері ірі нан зауыттары да жабыла бастаған.

"Әлі күнге дейін Үкімет көмектесіп жатыр. Бірақ соның өзінде қиын болып барады. Мына өткен жұмада қаладағы ең ірі нан зауыты жабылды. "Меркур-Нан". Сол себепті қазір Үкімет шұғыл түрде бір шешім қабылдамаса, басқа нан зауыттарына жеңіл емес. Неге десеңіз, баға өте қымбаттап кетті", - деді наубайхана басшысы Алтынбек Бәшіров.

Осылайша осы айда бір келі ұнның бағасы 18 теңгеге көтеріліп, нанның 70 теңгеге бағалануына бизнесмендер бейжай қарай алмайтындарын жеткізді. Айта кетейік, бір ғана Алматыда жылына бір адам 110 келі ұн пайдаланады. Бұл Алматыға айына 15 мың, ал жылына 181 мың тонна ұн қажет дегенді білдіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети