Премьер-министр Әлихан Смайылов бағаны бақылау және жанармай тапшылығын болдырмау жөніндегі комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов бағаны бақылау және жанармай тапшылығын болдырмау жөніндегі комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Роман Васильевичке (премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр - еск.) өз жетекшілігімен бағаны бақылау және жанар-жағармай тапшылығын болдырмау жөніндегі тұрақты комиссия құруды тапсырамын. Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігі және әкімдіктермен бірлесіп бағаны негізсіз көтерген жағдайда тиісті шара қабылдауды қамтамасыз етсін", - деді Смайылов Үкімет отырысында.
Премьер-министр Индустрия министрлігі, "ҚазМұнайГаз" және ҚТЖ-ға мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін уақытылы жөнелту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
"Сонымен қатар, цифрлық даму және энергетика министрліктері дизель отынын жеткізудің тәуліктік лимиттерін бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізуді жеделдетулері керек", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы бензин мен дизель отынының қоры туралы айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!