23 тамыз 2022 10:53

Қазақстанда қанша дизель отыны мен бензин қоры бар? Министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы бензин мен дизель отынының қоры туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы бензин мен дизель отынының қоры туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, 22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 маркалы бензиннің жалпы қоры - 180 мың тонна, бұл 14 күндік қажеттілікті өтейді. Дизель отынының қоры - 220,8 мың тонна, бұл 13 күнге жетеді.

"Мұнай өңдеу зауыттарындағы қорлар: АИ-92 - 71 мың тонна; дизель отыны - 53,4 мың тонна. АИ-92 бензиніне қатысты жағдай тұрақты, жанар-жағармай құю станциясы желілерінде шектеулер жоқ", - деді министр.

Дизель отынына келсек, Ақшолақовтың айтуынша, жанармай сатуда шектеулер бар - талондар мен карточкалар арқылы жеткізуге көшу, лимит белгілеу.

"Қазіргі уақытта зауыттар жанар-жағармайды жеткілікті көлемде өндіреді. Зауыттағы қор шамамен 50 мың тонна болады, алайда зауыттан мұнай өнімдерін жөнелту тұрақсыз, бос вагон-цистерналар жеткілікті мөлшерде жеткізілмейді, вагондарды жеткізу мерзімі ұлғайған", - деді энергетика министрі.

Министрдің айтуынша, логистикалық тізбектің барлық буынының - мұнай өңдеу зауыттарының, "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", сондай-ақ мемлекеттік органдардың жақсы үйлестірілген жұмысы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети