Қазақстан Президенті бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдеріне бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдеріне бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"АИ-92-95 бензинінің 30 пайызын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз олай істемегенде (ҚР үкіметінің бензин бағасын реттеуден бас тартуы - Авт.), бізде бір айдан кейін бензин мүлде болмайтын еді", - деді Мемлекет басшысы.

"Бұл экономика заңдары, оған ештеңе істей алмайсың, теңестіру қажет (жағдайды), ал біз ортақ (экономикалық) кеңістіктеміз: кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолданып, барлығына түсіністікпен қарауға тура келеді. Егер адам 100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Қазақстанда бензин бағасын реттеуден бас тартылды. Үкіметтің мұндай шешімі өткен аптада жарияланды. Астанада өткен брифингте премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев үкіметтің жанар-жағармай нарығындағы тапшылықтың алдын алу мақсатында АИ-92 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети