Қызылордада апатты жағдайдағы үйлер қайта салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада апатты жағдайдағы үйлер қайта салынады ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда қаласында апатты жағдайда тұрған 6 көпқабатты тұрғын үй қайта салынып, толықтай шешімін табады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс орталығында барлығы 697 көп қабатты тұрғын үй бар. Мамандардың айтуынша, солардың 19-ы апатты жағдайда. Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласында сондай жағдайда тұрған 6 көпқабатты үй қайта салынбақшы. Бұл тұрғын үйлер негізінен қаланың Титов қыстағы аймағында орын тепкен. 2013 жылы республикалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы тоқтап қалғаны белгілі. Соған қарамастан Қызылорда да биыл 95 тұрғын үй мен 5 шақырымдық жылу жүйесін жөндеу көзделіп отыр. Бұл мақсатта 2 млрд. теңге ақша қаралуда. Сондай-ақ, биыл Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 95 арендалық, 6 ипотекалық тұрғын үй пайдалануға берілмек. Соның нәтижесінде 836 отбасы қоныс тойын тойламақ. Ал былтыр 89 арендалық, 4 ипотекалық үй салынып, 550-ден астам отбасы баспаналы болған еді.
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +33
Ақтау +31
Ақтөбе +31
Атырау +33
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +40
Қызылорда +35
П
Павлодар +27
Петропавл +34
С
Семей +37
Т
Талдықорған +40
Тараз +42
Түркістан +29
О
Орал +32
Ө
Өскемен +40
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер