Ресей автомобильдерінің Қазақстан нарығындағы саудасы әлсірей бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей автомобильдерінің Қазақстан нарығындағы саудасы әлсірей бастады ©gigamir.net

Ресей автомобильдерінің Қазақстан нарығындағы саудасы әлсірей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан автобизнесі ассоциациясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей автомобильдерінің Қазақстан нарығындағы саудасы әлсірей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан автобизнесі ассоциациясына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, маусым айында 2015 жылдың мамыр айымен салыстырғанда Ресейде құрастырылған автомобильдердің Қазақстан нарығындағы үлесі екі пайызға төмендеп, 56,9 межесінде тұр. 2015 жылдың ақпан айымен салыстырғанда ресейлік автокөліктердің сауда нарығындағы үлесі 20 пайызға азайып кетті - 5060 дана. Ресей Федерациясында өндірілген  Lada, Hyundai, Kia және Uaz модельді көліктер өз позициясын жоғалтып отыр.

ҚАБА сарапшыларының пікірінше, Ресейде құрастырылған автомобильдердің саудасының әлсіреуі қазақстандық автомобильдерге деген сұраныстың пайда болуымен байланысты. Сауданың негізгі драйвері, сарапшылардың пікірінше, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы болып отыр. Мысалы, 2015 жылдың 2 шілдесіндегі жағдайда 11 миллиард теңгеден аса сомаға 3521 келісімшарт мақұлданды, яғни бұл бағдарлама көлемінің 73,7 пайызы.

"Маусым айында жаңа автомобильдердің саудасы өткен аймен салыстырғанда 5,3 пайызға азайды - 8886 дана жаңа автомобиль мен мамыр айындағы 9392 дана автомобиль қатынасы. Қазақстанда өндірілген автомобильдердің үлесі сәйкесінше өз позициясын ұстап тұр және ол есептік айдағы жалпы ресми сауданың 27,3 пайызы", - деп хабарлады ҚАБА өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети