14 наурыз 2022 11:16

Саудада доллар бағамы 511 теңгеден асты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллардың теңгеге шаққанда бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.


Доллардың теңгеге шаққанда бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,22 теңгеге артып, 511,06 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 12-14 наурыздағы ресми бағамы 510,79 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 514,92 теңге, сонымен қатар, 519 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Cұлтандағы айырбастау пункттерінде орташа есеппен 517,56 теңгеден сатып алып, 519 теңгеден сатып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети