Теңге әлсірей түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңге әлсірей түсті © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 28 шілдедегі күндізгі саудасында долларына 353,11 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайық, 27 шілдедегі сауданың қорытындысында ұлттық валютаның орташа бағамы 352,02-ге тең еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 28 шілдедегі күндізгі саудасында долларына 353,11 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайық, 27 шілдедегі сауданың қорытындысында ұлттық валютаның орташа бағамы 352,02-ге тең еді.

28 шілдедегі сауданың құны 93, 8 миллион долларға тең болды. Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 353-354,2 теңге аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 13.15-те қыркүйектегі фьючерстердің Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 43,47 доллар болды.

Осыған дейін Іскерлік әкімшіліктендірудің докторы Ерлан Ибрагим Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық валютаның әлсіреуі сақталатынын айтты. Оның айтуынша, тамыз айының соңына дейін доллар 350-360 теңге аралығында саудаланады. "Теңгенің әлсіреуіне маңызды факторлар әсер етіп отыр. Мысалы, елдегі экономикалық жағдай, мұнай бағасының төмендеуі мен базалық мөлшерлеменің төмендеуі", - деді Ерлан Ибрагим. 

Еске салайық, 11 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға төмендеткен болатын. Банк өкілдерінің айтуынша, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, валюталық тәуекелдерге қатысты жағымсыз күтулер төмендеп жатыр екен. Ұлттық банктің бағалауынша, теңге бағамы іргелі сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуін көрсетіп отыр, бұл туралы оның соңғы айлар ішінде шамалы өзгеруі және Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу деңгейі растап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети