11 шілде 2016 17:32

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға төмендетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізбен 13,0 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізбен 13,0 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк өкілдері инфляцияның толық көлемде Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес келгенін, ағымдағы жағдайлар сақталған кезде инфляциялық үдерістердің жеделдеу тәуекелдері барынша төмен болғаны, ал мұның едәуір ықтималдылықпен 2016 жылдың соңына қарай инфляцияның нысаналы дәліздің 6-8 пайыз жоғары шегіне жетуін күтуге мүмкіндік беретінін айтып отыр. "Бір жылға бағаланатын базалық мөлшерлеменің инфляцияға әсер етуінің уақытша аралығын назарға ала отырып, базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім инфляцияны алдағы 12 айда және 2017 жылдың соңына дейін көрсетілген нысаналы дәліздің шегінде сақтаудағы сенімділікті растайды", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Базалық мөлшерлеме бойынша шешім мынадай факторларды ескере отырып қабылдағаны айтылады: сыртқы нарықтағы оң үрдістер қолма-қол шетел валютасы нарығында, сол сияқты банк депозиттері нарығында валюталық активтердің теңгедегі активтерге ауысуы жөніндегі соңғы 4 айдағы үрдістің жалғасуына ықпал етуде.

2016 жылғы мамыр-маусымдағы мұнайдың әлемдік нарықтарындағы бағалары күткендегіден әлдеқайда жоғары деңгейде қалыптасты. Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы Еуропалық одақтан шығу жөніндегі референдумның нәтижелері қаржы нарықтарындағы қысқамерзімді турбуленттіліктің өсуіне әкелгені, алайда Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуынан тікелей тәуекелдер Қазақстан үшін шектеулі ретінде бағаланып отырғаны да айтылады.

Банк өкілдерінің айтуынша, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, валюталық тәуекелдерге қатысты жағымсыз күтулер төмендеп жатыр екен. Ұлттық банктің бағалауынша, теңге бағамы іргелі сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуін көрсетіп отыр, бұл туралы оның соңғы айлар ішінде шамалы өзгеруі және Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу деңгейі растап отыр.

"Ақша нарығында өтімділіктің құрылымдық профициті байқалуда, осыған орай Ұлттық Банк артық өтімділікті алу операцияларын белсенді түрде жүргізуін жалғастыруда. Төмен кредиттік белсенділік және кредиттік ресурстарға деген сұраныс инфляциялық үдерістердің жылдамдау тәуекелдерін шектей отырып, оған экономиканың нақты секторына ауысуына мүмкіндік бермейді", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Іс жүзіндегі инфляция мәні Ұлттық банктің бағалауымен сәйкес келеді. 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта оның деңгейі 4,6 пайызды, маусымда 0,4 пайызды құрады. Халықтың инфляциялық күтулері және кәсіпорындардың мониторингі бойынша сұратуларға сәйкес нақты сектор кәсіпорындарының тұтыну тауарларына және дайын өніміне баға өсуінің барынша қалыпты қарқындары күтілуде. Негізгі сауда әріптес елдердегі инфляция бәсеңдеп жатыр. Ал елдегі экономикалық белсенділіқтің төмен деңгейде сақталуы тежеуші фактор болып қалып отыр.

Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі іс-әрекеттер инфляция бойынша іс жүзіндегі деректерге, олардың болжамнан ауытқуына, халық пен нарықтың инфляциялық күтулеріне, сондай-ақ экономика субъектілерінің валюталық басымдықтарына байланысты болады. Базалық мөлшерлеменің ықтимал төмендеуі инфляция деңгейінің нысаналы диапазонға жақындауын куәландыратын орнықты белгінің болуына негізделетін болады. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 15 тамызда Астана қаласының уақыты бойынша 17.00-сағатта жария етілетін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети